Қамқоршылық кеңес алдында АІІБ берген есебі
№ 21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесі «Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күні:15.01.2019 ж.
Қатысқандар:мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
- «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
- «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
- Тыңдалды:1-мәселе
- а)Сөйледі:
Күн тәртібіндегі1-мәселе бойынша мектеп директоры Н. Курмашев сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің22.12.2016жылғы №715бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
- Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
- Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
- Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
- Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
- Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
- Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
- Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
- Тыңдалды:2-мәселе
- ә)Сөйледі:
Күн тәртібіндегі2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.
Жиналысқа қатысқан ата- аналардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.
Қамқоршылық кеңес төрайымы : Н. Оразтаева
Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары: А. Арапова
Хатшы: Г. Азтаева
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
- Сагындыков А.
- Утеева К.
- Мырзаева Ж.
- Түймебаева А.
- Примбетова А.
- Атабердиева Ф.
- Совет Н.
Шешімі:
- Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес «№ 21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі» коммуналдық меклекеттік мекемсінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
- Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.
Қамқоршылық кеңес төрайымы: -------------------------- Н. Оразтаева
Хатшы: ----------------------- Г. Азтаева