15
май
2019
Қамқоршылық кеңес хаттамасы директордың кеңес алдындағы есебі
Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі коммуналдықмемлекеттік мекемесінің директоры Нұржан Кәрібайұлы Құрмашевтың қамқоршылық кеңесінің алдындағы есебі 2018-2019 оқу жылы бойынша өтілген жиналысының Хаттамасы №2 Қоңыртөбе ауылы 15.05.2019 жыл Қатысқандар: Мектеп директоры Құрмашев Нұржан Кәрібайұлы Мектеп психологы Чукенова Бахиткуль Усембаевна Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Оразтаева Нұршагүл Қамқоршылық кеңесінің орынбасары: Арапова Айгүл Мүшелері: 1. Совет Нұрсұлтан Саятұлы 2. Түймебаева Айнұр Еркадыловна 3. Примбетова Айнұр Бахитовна 4. Мырзаева Жанар Утегеновна 5. Атабердиева Флора 6.Утеева Күлзипа Каленовна 7. Сагындыков Акылбек Жамашович 9. Хатшысы: Азтаева Гаукар Кенжешовна Күн тәртібі: 1.Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі 2.Әртүрлі мәселелер бойынша Күн тәртібіндегі бірініші мәселе бойынша: мектеп директоры Нұржан Кәрібайұлы Құрмашев сөз сөйледі. Ол өз сөзінде мектептің 2018-2019 оқу жылындағы қызметінің сандық деректері, білім сапасы мен үлгерімі,авторлық бағдарлама және педагог қызметкерлердің республикалық, халықаралық жетістіктері ҰБТ нәтижесі,оқушылардың халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар, байқаулар мен ғылыми жоба жұмыстарының жеңімпаздарының үлесі мен "Kundelik.kz" жобасымен 97% "BILIM Land" 90% білім беру платформасымен жұмыс "Он-лайн" режимінде өткізілген іс-шаралар 2 % болғанын, кітапхана және кітап қоры туралы тоқталып өтті. Мектебімізде 138 оқушы, оның ішінде 1 сыныптан - 5 оқушы, бастауыш 2- 4 сыныптардан – 17 оқушы ,жоғарғы 5-11 сыныптардан: - 32 оқушы толық емес - 4 оқушы, аз қамтылған – 26 оқушы, көп балалы - 25 оқушы,аз қамтылған отбасылар – 11,толық емес отбасы-2,көп балалы отбасы - 8 екенін айтты. Мектепте тәрбие жөніндегі орынбасары, әлеуметтік педагог, педагог психологы мұғалімдерден, ата-аналардан, оқушылардан түрлі тақырыптарда кездесу, әңгімелесу, кеңес, дөңгелек үстел, тренингтер, пікіралмасу, сауалнамалар алынып, іс-шаралар өткізілген болатын. Сынып жетекшілерде өз үлестерін қосып, тәрбие жөнінде ашық сабақтар өткізген. Ата-аналамен үнемі байланыста болған. Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Оразтаева Нұршагүл сөз алды. Ол өз сөзінде мектеп директорының есебін қолдайтынын айтып өтіп ІІБ-нің ЮПТ ЖАҚ инспекторы: полиция капитаны Ә. Жұмашев Мұғалім,ата-ана, оқушылар арасындағы үштік одақтың жұмыстарын жүзеге асыру керектігін және жаңартылған білім жүйесіне және тәрбиесіне ата-аналар тарапынан оқушыларға қолдау көрсетіп, білім сапасын арттыру және балалардың тәрбиесіне назар аудару керектігін айтты. Жоғарыдағы мәселелерді тыңдап, талқылай келе қамқоршылық кеңес қаулы етті: Мектеп директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі "қанағаттанарлық" деп табылсын. Жаңартылған білім жүйесіне ата-аналар қолдау көрсету мақсатында ІІБ-нің ЮПТ ЖАҚ инспекторы: полиция капитаны Ә. Жұмашев тәрбие мен білім сапасына назар аударылсын. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: ........................ Оразтаева Н. Хатшысы:.................... Г. Азтаева