Қамқоршылық кеңес » Средняя школа им. Пахомова
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"Пахомов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
февраль
2019

Қамқоршылық кеңес

«№ 21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік
мекемесі «Қамқоршылық кеңес» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
Өтілген күні: 15.01.2019 ж.
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар, жергілікті мекеме қызметкерлері
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Қамқоршылық кеңестің» ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру
2. «Қамқоршылық кеңестің» мүшелерін сайлау
1. Тыңдалды: 1-мәселе
2. а) Сөйледі:
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп директоры Н. Курмашев сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 22.12.2016 жылғы №715 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың және білім беру ұйымдарында оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ережемен таныстырып өтті. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік , бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы тарту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды.
1. Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау.
2. Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту.
3. Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жәрдем көрсету.
4. Мектеп органдарының жұртшылықпен тиімді қарым-қатынасы үшін жағдай жасау.
5. Мектептің білім берушілік, қаржылық, кадрлық әлеуетін күшейту.
6. Қаржыландырудың қосымша көздерін мектепке тартуға жәрдем беру.
7. Оқушылардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Мектеп директоры қамқоршылық кеңестің қосымша бюджеттен тыс қаржыларды тарту және жұмсау түрлері мен тәртібіне, Қамқоршылық кеңесінің құқықтары мен міндеттеріне, оның қағидаларына , сонымен қатар кеңестің құрамына тоқталып өтті.
1. Тыңдалды: 2-мәселе
2. ә) Сөйледі:
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша сөз алған ата-аналар комитетінің төрайымы Қамқоршылық кеңес құрамына кімдер ену керектігіне, олардың функционалдық міндеттеріне тоқталып өтті.
Жиналысқа қатысқан ата- аналардың ортақ ұсынысымен төмендегі тұлғалар Қамқоршылық кеңестің мүшесі болуға ұсынылды.
Қамқоршылық кеңес төрайымы : Н. Оразтаева
Қамқоршылық кеңес төрайымының орынбасары: А. Арапова
Хатшы: Г. Азтаева
Қамқоршылық кеңестің мүшелері:
1. Сагындыков А.
2. Утеева К.
3. Мырзаева Ж.
4. Түймебаева А.
5. Примбетова А.
6. Атабердиева Ф.
7. Совет Н.




Шешімі:
1. Қамқоршылық кеңестің ережесіне сәйкес «№ 21 Дмитрий Пахомов атындағы орта мектебі» коммуналдық меклекеттік мекемсінде құрылған кеңестің жұмысы жандандырылсын.
2. Қамқоршылық кеңес құрамын ұсынылған тұлғалар кеңес мүшелігіне сайлансын.




Қамқоршылық кеңес төрайымы: -------------------------- Н. Оразтаева





Хатшы: ----------------------- Г. Азтаева
[right][/right]











Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив