14
июль
2018
2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
2017-2018 оқу жылындағы оқу-тәрбие үрдісінде жүргізілген жұмыстарға сараптама
Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына кері ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – үлкен мәні бар міндет. Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, ақпараттандыру үрдістері – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашады. Қоғамда болып жатқан әлуеметтік-экономикалық, саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді, жаңа міндеттер жүктейді. Осы міндеттерді орындау мақсатында педагогикалық ұжым 2017-2018 оқу жылында «Дамыта оқыту арқылы білім сапасын нәтижеге бағыттай отырып, оқушыны болашаққа бейімдеу» тақырыбында жұмыс атқарды.
Шығармашылық жұмыстың мақсаты: жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастырумен қатар, терең білім беру жолдарын анықтау
Міндеттері:
1. ҚР «Білім туралы» Заңын және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жасөспірімдер мен жастарға білім беру туралы» бұйрығын негізге ала отырып, жұмысты одан әрі жетілдіру;
2. Мектеп оқушыларының сапалы, терең білім алуын қамтамасыз ету. Білім сапасын анықтау мақсатында диагностика және мониторингтік зерттеу жұмыстарын жүргізу, мектеп оқушыларының білім сапасы мен үлгерім деңгейін шынайы бағалауға бағытталған іс-шаралар қабылдау;
3. Полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында үш тілділікті ендіру жұмыстарын жалғастыру;
4. Жеке тұлғаның бойында мәдени, рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыру. Оқушылардың білімін, іскерлігін, тәрбиелік деңгейін анықтау және бағалау, тұлғалық ерекшеліктерін айқындау;
5. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру арқылы оқу үрдісінің сапасын көтеру. Оқу–тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды енгізіп, нәтижелерін саралау;
6. Мектеп жасына дейінгі балаларға араналған шағын орталық ашу, оның материалдық-техникалық базасын нығайту, мамандармен қамтамасыз ету.
Мектептің шығармашылық тақырыбын жүзеге асыру мақсатында мектеп педагогикалық ұжымы төмендегі жұмыстарды жоспарлап, жүзеге асырды. Атап айтқанда, 2017-2018 оқу жылында 8 рет педагогикалық кеңес отырысы жоспарланып, барлығы 30 сұрақты талдау қарастырылған. Оның ішінде педагогикалық–ұйымдастыру жұмыстары бойынша -4, білім сапасын зерттеу, инновациялық технологияларды енгізу -12, тәрбие саласы бойынша -3. 2017 жылғы қараша айында пед.кеңесте мектеп психологы Б.Чукенова «Жасөспірімдердің отбасы және ортасын зерделеу қажеттілігі» тақырыбында тренинг өткізсе, матиматика пәнінің мұғалімі Т.Леоненко «Ынтымақтастық табысты мектеп кілті» коучинг өткізді.
Директор жанындағы кеңес айына бір рет өткізіліп отырды. Барлығы 50 сұрақ қаралды. Оның ішінде білім сапасын сараптау жұмыстары-10, оқу-әдістемелік базаны жетілдіру-2, педагогикалық–ұйымдастыру жұмыстары-9, ұстаздардың кәсіптік деңгейін көтеру жұмыстары -3, мемлекеттік білім беру стандартының орындалауы-2, оқушылардың тәрбиелік деңгейі, құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстары-4. Директор жанындағы кеңесте шешуін қажет ететін проблемалық сұрақтар қаралып, сұрақты дайындау мәселесі бойынша комиссия құрылып, аналитикалық анықтамалар дайындалды. Мәселен, 2017 жылғы қазан айындағы директор жанындағы кеңесте «Бағалау түрлерін тиімді қолдану» коучингі, желтоқсан айында «Оқыту мен оқудағы жаңа технологиялар» тренингі өткізілді, 2017 жылғы қаңтар айында ІІ тоқсан бойынша білім сапасы, оқу бағдарламаларының орындалуы, кітапхана жұмысының І жартыжылдық қорытындысы, орыс және шетел тілдері пән әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің өту сапасы мен оқушылардың білім деңгейі, мектепалды даярлық тобы тәрбиеленушілердің білім, білік дағдылары, оқушыларды ыстық тамақпен қамту, патриоттық сананы қалыптастыру айлығының қорытындысы сарапталып, шешімдер қабылданды.
Өндірістік жиналыстарда оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының жұмысы, оқу кабинеттерінде, зертханаларда, шеберхана мен спорт залында қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталу жағдайы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары, мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайы, салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары, мектепті ағымдық және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары, діни экстремизммен күрес жұмыстары қарастырылды.