15
март
2017
Мектеп тарихы
Дмитрий Федорович Пахомов
1920 жылы 11 наурызда Новосибирск облысында шаруа жанұясында дүниеге келді. Білімі төрт жылдық. Ол отбасында ең үлкені болып, жанұяның бар ауыртпашылығы соның мойнына түсті. Бірақ Дмитрий ұстамдылық мінезін көрсете білді.
1939 жылы олардың жанұясы алыс Сібірден Қазақстанның Шақпақ - Ата ауылына көшіп келеді. Дмитрий бірден трактор бригадасына жұмысқа орналасты. Біраз уақыттан соң Дмитрий техниканы өз бетімен меңгере бастады.
Соғыс жылдары 1941 жылы қазан айында Дмитрийді еңбек армиясына шақырды. Бірақ жарты жылдан кейін колхоздың сұрауы бойынша ол ауылына қайта оралды. Колхозшылар таң атқаннан кеш батқанша еңбек етіп аянбай тер төкті. Солардың арасында Дмитрий де болды. Жау отанымыздың жеріне сұғына еніп келе жатты. Д.Ф.Пахомов өз еркімен әскерге сұранды. 1942 жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам РВК-сына Қызыл Армия қатарына алынды. Челябинск қаласында ол өзіне танк техникасын алады. Майданда 1943 жылы маусым айында Дмитрий бірінші және екінші Украин майданында, сонан кейін 1-ші Беларус майданында соғысты. Шайқаста жасаған ерлік үшін бөлімнің командасы ер жүрек танкист Дмитрийді наградаға ұсынды. Сержант Д.Ф.Пахомовқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Д.Ф.Пахомов 1945 жылы наурыз айында госпитальда қаза болды.