14
июль
2018
Жыл бойындағы атқарылған жұмыстар бойынша төменде әр айға талдау көрсетілген.

Қыркүйек.
1 қыркүйек «Білім күні» мерекесіне жоспарлы түрде оқушылардың түгел қатысуы қамтамасыз етілді. Алғашқы қоңырауға арналған алаң безендіріліп, концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жиын тиісті деңгейінде өткізілді. Жиыннан соң мектеп жанындағы «Жас Ұлан» мен «Жас Қыран», «Өзін-зі басқару» ұйымдарымен «Білім күні» туралы және жаңа оқу жылын жоспарлау жайлы әңгіме жүргізілді.
5 қыркүйек күні «Ел ертеңі – Жас ұлан» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жиын барысында жылдық жоспар талқыланып, өзін-өзі басқару ұйымын басқаратын мектеп Президенті мен жасұландықтарға жетекшілік ететін Ұланбасы сайланды.
9 қыркүйек күні төменгі сыныптар арасында «Абайлаңыз бағдаршам» жолда жүру ережесімен таныстыру бойынша «Сен және жол» слайд көрсетіліп, оқушылармен әңгіме жүргізілді.
20 қыркүйек күні жыл бойына жоспарланған «Қарттарым - асыл қазынам» ауыл қарттарына қол көмегін беру шарасы бойынша аулымыздың тұрғыны Гончарова Валентина және Цацко Лидия қартарыныңың үйлеріне барып оқушылар ауласын сыпыру, суын тасып беру, отынын жарып көмек беру сияқты жұмыстар атқарылды.
27 қыркүйек күні ұстаздар күні мен қарттар күніне арналған «Мектеп тынысы» қабырға газеті шығарылды.
Қазан.
1 қазан қарттар күніне орай «Қарттарым - асыл қазынам» ауыл қарттарына қол көмегін беруге, өзін-өзі басқару мен жасұландықтар аулымыздың жалғызбасты тұрғыны Гончарова Валентина және Цацко Лидия үйіне барып картоп қазу, ауласын тазалау сияқты жұмыстарына көмек көрсетілді.
2 қазан ұстаздар күніне арнайы мектебімізідің ұстаздар қауымына оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама қойылып, құттықтауымен бірге мерекелік кішігірім сый-сияпаттар табысталды.
17 қазан күні алдағы 16 желтоқсан тәуелсіздік күні «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануға өтініш білдірген немесе сынып жетекшілері ұсынған оқушылармен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында «Жас Ұлан» ұйымының атқаратын мақсат міндеттері мен ресми нышандары жайлы түсінік беру жұмыстары жүргізілді.
24 қазан күні мектеп активтерінің отырысы өткізілді. Отырыс барысында активтер атқаратын жұмыстар бойынша кемшіліктер аталып, жұмыс жүргізбейтін активтерді ауыстыру мәселесі қозғалды. Сонымен қатар «Мектеп тынысы» қабырға газеті шығарылды.
27 қазан күні құқықтық сауаттылығын арттыру тәрбие беру бойынша жоғары сыныптар арасында «Құқықсыз міндет жоқ» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында оқушылар «Азамат» және «Құқық» топтарына бөлініп, оларға өз құқықтары мен міндеттері жайлы сұрақтар қойылып, оның жауаптарын қазылар алқасы тыңдап баға беріп отырды. Сонымен қатар берілген суреттердің мазмұнын ашып қандай құқыққа қатысы бар екендігі жайлы әңгімелеп беру сияқты тапсырмалар берілді. Сайыс соңында қазылар алқасының берген ұпайлары екі топқа тең болып шығып достық жеңді.
Қараша.
5 қараша күні өзін-өзі басқару мен жасұландықтар «Қарттарым - асыл қазынам» ауыл қарттарына қол көмегін беру шарасын Цацко Лидия қарияның үйіне барып ауласын сыпырып, суын тасып беру, жарылған отындарын сарайына жинап, шарбақтағы кортапты жинап беру сияқты жұмыстарына көмек көрсетілді.
12 қараша «Жас Ұлан» мен «Жас қыран» ұйымына қабылданатын оқушылармен келісім-шартқа отыру, қабылданудан бұрын беретін антының мәтінін таратып болашақ жасұландықтар мен жасқырандықтардың Тәуелсіздік мерекесіне дейін антты жатқа білулері керектігі туралы ескертілді.