15
июль
2018
Абдрасиловтың авторлық жұмысы
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10 – сынып үшін және алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларға арналған әдістемелік нұсқау
«Оқу – дала жиыны» авторлық жұмыс Кембридж бағдарламасы бойынша құрылған
Түсінік хат
Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі олардың білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды-машыққа қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар.Осы артықшылықтарды мектепте сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
1.Керекті ақпаратты дәл мезетінде алуға мүмкіншілік бар.
2.Оқытудың тиімділігі жоғарылайды, оқу материалын оқушы өздігінен
іздеп табуына мүмкіндік бар.
3.Оқушылардың білуге құштарлығын арттырады, табиғи сұранысын
қанағаттандырады.
4.Оқытудың көркемдігі артады, яғни берілетін материалдарды жинақы
түрде беруге болады.
5.Уақыт үнемделеді, үнемделген уақыт қосымша тапсырмаларды
орындауға жағдай жасайды.
6.Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
Жалпы алғанда, заман талабына сай білім беруде маңызды жақтары өте көп. Білім-теңіз, оның тереңін жетік білетін, қыр-сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алады. Мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру – барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан өзімнің алдағы педагогикалық жұмысымда сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді өз бетімен ізденіп жұмыстануын ұйымдастыруды алдыма міндет етіп қойдым.
Авторлық жұмыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.
Оқу дала жиынында теориялық және практикалық сабақтар іске асырылады:
1) теориялық сабақтар оқытудың дидактикалық материалдарын, техникалық құралдар мен инновациялық әдістерді қолдана отырып әңгімелеу және сұхбаттасу түрінде өткізіледі;
2) практикалық сабақтар қарулану және әскери-техникалық мүлікті, құралдарды және өзге де жабдықтарды қолдана отырып оқу материалын игеруге бағытталған.
Далалық оқу жиындары алғашқы әскери дайындық курсын өту бағдарламасының міндетті кезеңі болып табылады. Ол жергілікті атқару органдарымен ұйымдастырылады және білім беру мекемелерінде қарастырылған вариативті (өзгермелі) сағат есебінен қамтамасыз етіледі.
Оқу бағдарламасының мазмұны мен құрылымы тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындық әскери топографиядан тұрады.
Авторлық жұмыстың өзектілігі – Кембридж бағдарламасы бойынша құрылған және әдіс – тәсілдері қолданылған.
Авторлық жұмыстың мақсаты – «Оқушылардың практикалық дағдылары мен біліктіліктерін шыңдау және жетілдіру, сонымен қатар әскери істі оқу-үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру».
Авторлық жұмыстың міндеттері:
- Оқушылардың білімдерін қалыптастыру;
- Оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының дамуын қалыптастыруға ықпал ету;
- Теориялық білімдері мен практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;
- Оқушылардың Қарулы Күштерінің қызметі туралы біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру;
- кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі ізденіп табуды үйрету.
Авторлық жұмыстың оқу материалы 34 – сағаттық тақырып бойынша жоспарланған.
Тактикалық дайындық – 16 сағат:
1) әскери бөлімнің қарулануы және ұрыстық техникасымен, атқаратын қызметі және техникалық-тактикалық сипатымен танысу, қарулануды және ұрыстық техниканы іс жүзінде көрсету (2 сағат);
2) жаудың танкілері мен бронды машиналарының ұрыстық сипаты және олардың әлсіз тұстары, жаудың танкілері мен бронды машиналарын жоюдағы бөлімшенің қарулануының ұрыстық мүмкіндіктері, жаудың танкілері мен бронды машиналарын жою үшін танкіге қарсы қол гранаталарын қолдану (1 сағат);
3) шетел армияларының әуеден шабуылдау құралдары, жаудың ұшақтары мен тікұшақтарының ұрыстық сипаты және әрекет ету тактикалары, оларды ажырату белгілері, шетел армияларының төмен ұшатын ұшақтары және тікұшақтарымен күресуде атыс қаруын қолдану (1 сағат);
4) бөлімше позициясын инженерлік жабдықтау және оқпана, траншея, таса мен мина жарылғыш бекіністер орнатумен таныстыру (1 сағат);
5) жаудың оқ атуы кезінде ату позициясын (атыс жүргізетін орын) қабылдау, оқпана қазу және оны жасыру (1 сағат);
6) шабуылдау кезінде сарбаздың колоннада қозғалуы және бөлімшенің ұрыс жүргізуі кезінде өз орнын табуы, жолдағы кедергілерден өту және шабуылдау, траншеядағы жауды қарудан ату, гранат лақтыру және қоян-қолтық ұрыста жою тәсілдері, шабуылдау нысанын басып алу, шабуылдау кезінде радиобелсенді (улы) заттармен зақымдалған жерлерде әрекет ету (3 сағат);
7) қарсыласпен тікелей қақтығысқа түспей қорғану кезінде сарбаздың бөлімше позициясында өз орнын алуы, жау ядролық қару қолданғанда, атуға дайындалған, әуеден шабуылдаған, радиобелсенді, химиялық және бактериологиялық зақымдау қаруын қолданғаны туралы дабыл қағылған кезде орындалатын әрекеттер, жаудың танкілері мен жаяу әскерінің түрлі бағытпен бастаған шабуылына тойтарыс беру, жаудың әуе нысандарын ату (2 сағат);
8) бақылаушы сарбаз, бақылау жүргізуге арналған орынды таңдау, оны жабдықтау және жасыру, әскери нысандарды анықтау және бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме беру, жергілікті жердің үлгісін құру және әскери нысандарды үлгіде белгілеу (2 сағат);
9) шолушы болып тағайындалған сарбаздың әрекеттері. Шолушының қимыл-әрекеттері және жергілікті жер мен заттарды (ор, орман, елді-мекен, көпір, өзен және т.б.) шолу, бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме, жау әуеден шабуылдағанда және ядролық жарылыс кезінде берілген дабыл бойынша әрекет ету (2 сағат);
Атыс дайындығы - 4 сағат:
1) пневматикалық винтовкадан ату, төртінші дайындық жаттығуын орындау (2 сағат);
2) жарықшақты және танкіге қарсы қол гранаталарын лақтыру (2 сағат).
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан Республикасының әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары - 4 сағат:
1) әскери бөлімнің тарихы, әскерилердің орналасуы, ақпараттық-тәрбие бөлмесі, қару сақтайтын бөлме, оқу қалашықтары, спорттық база, асхана (2 сағат);
2) бекеттегі сарбаздың әрекеттері, бекеттегі сарбаздың қаруын ұстау қалпы, қаруды оқтау тәртібі, бекетті қабылдау және тапсыру кезіндегі, бекетті өрт шыққанда және бекет маңында немесе көрші бекетте тәртіп бұзылған кездегі сақшының әрекеттері (1 сағат);
3) бекетке шабуыл жасалған кездегі сақшының әрекеттері, қаруды қолдану тәртібі (1 сағат).
Саптық дайындық – 4 сағат:
1) саптық тәсілдер және қарумен орындалатын қимыл-әрекеттер, «Автоматты кеудеге», «Белдікке», «Қаруды қой», «Қаруға», «Қаруды» тәсілдерін орындау (1 сағат);
2) бөлімшені жазылған және жорықтық сапқа тұрғызу, бөлімшені жазылған саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан жазылған сапқа тұрғызу, бөлімшенің ажырауы және қосылуы (1 сағат);
3) сапты басқару белгілері - «Назар сал», «Командирлерді жина», «Бас», «Тоқта», «Қашықтықты ұлғайт», «Қашықтықты қысқарт», «Колоннаға», «Барлығың шеңбермен», «Барлығың оңға (солға)» және т.б. (1 сағат)
4) машина маңындағы және машинадағы әскерилердің әрекеттері, машина маңында сапқа тұру, отыру және орналасу, отыру кезіндегі қаруды ұстау қалпы, машинадан түсу (1 сағат).
Әскери топография (2 сағат):
1) жергілікті жерде картасыз бағдарлау: жергілікті жерде картасыз бағдарлау. Азимут бойынша қозғалу.
Оқушылардың нормативтер мен практикалық жаттығуларды орындауларын бағалау мақсатында, оқу жылының соңында 4 сағат көлеміндегі қорытынды тексеру сабақтары (сынақ) қарастырылған.
Авторлық бағдарламадағы теориялық сабақтары оқытудағы Кембридж тәсілінің сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.
Аталған бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Авторлық бағдарламада құрылған тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың бар мүмкіндіктерін ашып туады, шығармашылық іс-әрекетке талпынысын туғызады, оларды тапқырлыққа, байқампаздыққа, шапшандыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Сабақ өткізу кезінде қару және атыс кезінде қолданылатын қауіпсіздігінің, атыс қаруының құрлысы, оларды атуға даярлау мен көздеп ату, сондай-ақ қаруды күту және сақтау ережелерін игереді. Әр сабақ сайын жастардың әскери анттың рөлі мен маңызын түсінулеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне, оның дәстүрлері мен әскер түрлерінде қызмет ету ерекшеліктеріне, әскери мамандыққа деген қызығушылықтары дамыйды, жастардың әскери білім алуларына деген ұмтылыстары ынталанады, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жарғылары – бұл Әскери Күштердің тұрмыс-тіршіліктерін реттестіретін құжаттар жиынтығы, ал жарғы талаптарын орындау – әрбір әскери қызметкердің міндеті екендігін түсінеді. Тактикалық дайындық оқыту мен үйретудің негізін қалаушы тараулардың бірі болып табылады, ол алғашқы әскери дайындық бойынша оқу материалын кешенді оқытуды қамтамасыз етеді: оқушылар сабақ кезінде қаруды және қол гранаталарын қолдану техникасы бойынша дағдыларды нық игереді; тактикалық дайындық бойынша практикалық сабақтар өткізу үшін винтовка, сондай-ақ оқу гранаталарын нысанаға дәл тигізуді үйренеді. Әскери топография сабақтарында оқушылар басқа (бөтен) жерлерде картасыз бағдарлау, сол ауданда өзінің орналасқан орнын анықтау және азимут бойынша жүру бағытын компастың көмегімен және компассыз табуды үйренеді.