Тарихымыз - Средняя школа им. Пахомова http://pahomova-zhualy.mektebi.kz/ ru Тарихымыз - Средняя школа им. Пахомова DataLife Engine Мектеп тарихы http://pahomova-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/1-mektep-tarihy.html http://pahomova-zhualy.mektebi.kz/o-detskom-sade/1-mektep-tarihy.html        1946 жылы, ауыл жастарын, әр түрлі жас ерекшеліктерімен үш сыныпқа бөлініп мектеп ашылған. 1946-1948 оқу жылында алғашқы болып Ким Аркадий қызмет етті. Мектепте орыс-қазақ тілінде оқытылды. 1948 жылы Успеновка 7 жылдық мектебі болып, оның директоры Сухобрусова Нина Емельяновна тағайындалған. 1959 – 1960 жылдары жаңа мектеп соғылып, 1961 жылы іске қосылды. 1974 – 1982 жылдар аралығында Бармакова Тамара Алексеевна басшылық етті. 1983 – 1986 жылдар аралығында Қазбеков Асубай Маженұлы мектеп директоры болды. 1990 жылы Дмитрий Федорович Пахомов атындағы орталау мектебі болды. 1987 – 1993 жылдар аралығында Каипов Айтас Саябекұлы басшылық етті. 2001 жылдан бастап Дмитрий Фёдорович Пахомов атындағы орта мектебі болып 1993 – 2005 жылдар аралығында Уристенбеков Өмірзақ Идиятұлы басшылық жасады. 2005 жылы төтенше жағдай есебінен жаңа мектеп салынды. 2005 - 2009 оқу жылдары Молдақұлова Майра Қожахметқызы мектеп директоры болса, 2009 жылдан бастап Қожагелдин Нарбек Ордабекұлы басшылық еткен. 2011 мектеп аудандық "Үздік ауыл мектебі" байқауында бас жүлде алғаны үшін дипломмен марапатталған. 2017 жылдан бастап Курмашев Нуржан Карибаевич басшылық етіп келеді. Тұнғыш рет мектеп түлегі Қолғанат Ұлжан Ғалымжанқызы "Алтын белгі" марапатына ие болды.
       Білім беру деңгейі экономикалық және ғылыми-техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші екені белгілі. Ол мемлекет пен қоғамның табысты дамуының кепілі. Білім берудегі артта қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті мен ұлттың болашағына кері ықпалын тигізеді. Сондықтан білім берудің дамуы – үлкен мәні бар міндет. Білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, ақпараттандыру үрдістері – бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыруға жол ашады. Қоғамда болып жатқан әлуеметтік-экономикалық, саяси өзгерістер білім беру саласын жетілдіруді талап етеді, жаңа міндеттер жүктейді. Осы міндеттерді орындау мақсатында педагогикалық ұжым 2017-2018 оқу жылында «Дамыта оқыту арқылы білім сапасын нәтижеге бағыттай отырып, оқушыны болашаққа бейімдеу» тақырыбында жұмыс атқарды. 
]]>
Дмитрий Федорович Пахомов
     
      1920 жылы 11 наурызда Новосибирск облысында шаруа жанұясында дүниеге келді. Білімі төрт жылдық. Ол отбасында ең үлкені болып, жанұяның бар ауыртпашылығы соның мойнына түсті. Бірақ Дмитрий ұстамдылық мінезін көрсете білді.
      1939 жылы олардың жанұясы алыс Сібірден Қазақстанның Шақпақ - Ата ауылына көшіп келеді. Дмитрий бірден трактор бригадасына жұмысқа орналасты. Біраз уақыттан соң Дмитрий техниканы өз бетімен меңгере бастады.
      Соғыс жылдары 1941 жылы қазан айында Дмитрийді еңбек армиясына шақырды. Бірақ жарты жылдан кейін колхоздың сұрауы бойынша ол ауылына қайта оралды. Колхозшылар таң атқаннан кеш батқанша еңбек етіп аянбай тер төкті. Солардың арасында Дмитрий де болды. Жау отанымыздың жеріне сұғына еніп келе жатты. Д.Ф.Пахомов өз еркімен әскерге сұранды. 1942 жылы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам РВК-сына Қызыл Армия қатарына алынды. Челябинск қаласында ол өзіне танк техникасын алады. Майданда 1943 жылы маусым айында Дмитрий бірінші және екінші Украин майданында, сонан кейін 1-ші Беларус майданында соғысты. Шайқаста жасаған ерлік үшін бөлімнің командасы ер жүрек танкист Дмитрийді наградаға ұсынды. Сержант Д.Ф.Пахомовқа Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Д.Ф.Пахомов 1945 жылы наурыз айында госпитальда қаза болды.     
]]>
admin Wed, 15 Mar 2017 06:53:30 +0600