№21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі орынбасары: Н.Досумбаева №8 Жамбыл ОМ білім сапасын арттыру мақсатында 4,9,11-сынып оқушыларынан тест тапсырмаларын алды.
Наурыз мерекесіне орай тематикалық шаралар ұйымдастыру аясында 2 сынып жетекшісі П.Абаханова 14 наурыз-"Көрәсу күні" атты тақырыбында сынып сағатын өткізді.
22 наурыз мерекелеуге байланысты өткізілетін іс-шара жоспары аясында жаппай ағаш отырғызу және аулалардың аумақтарын тазарту бойынша 11 сынып жетекшісі А.Лебаева "Таза табиғат" атты акциясын ұйымдастырды.
Д.А.Қонаевтың 110 жылдығына орай "Кемеңгер тұлға-Қонаев" атты оқушылар арасында өткізілген аудандық пікір-сайыс турниріне белсене қатысқаны үшін №21 Д.Пахомов атындағы орта мектебінің "Respekt" және "Сафмир" фракциялары дипломмен марапатталды.