14
декабрь
2022
"Жастар ресурстық орталығы" мекемесімен бірге атқарылған қызмет
Жуалы ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратураның бірлескен жұмыс жоспары негізінде жастар арасында қылмыстың алдын алу және түнгі уақытта ата-анасының қадағалауынсыз жүрген жастарға кеңес беру мақсатында 2022 жылдың 9 желтоқсан күні "Жастар ресурстық орталығы" мекемесі, аудандық полияция бөлімі және аудандық білім бөлімі мен мектептерден енгізілген мобильдік топ мүшелері Қоңыртөбе ауылы және ауылдық округтерде түнгі рейдтік жұмыстарын жүргізді. Аталған ауылдық округтердегі жастар көп шоғырланатын үлкен көшелерде,ойынханаларға, дүкендерге түнгі сағат 23.00 - ден кейін кәмілет жасқа толмаған балар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жасады.
Аталған түнгі рейд жұмыстары алдағы уақытта жоспар аясында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Аталған түнгі рейд жұмыстары алдағы уақытта жоспар аясында тұрақты түрде жалғасын табатын болады.